Өлең, жыр, ақындар

"ХХІ ғасыр  көшбасшысы" зияткерлік сайысы

 

 Тақырыбы: "ХХІ ғасыр  көшбасшысы" зияткерлік сайысы

 

Мақсаты:

 

а) білімділік: Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, білімдерін шыңдап, тексеру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

 

ә) дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.

 

б) тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.

 

Сабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.

 

Жабдықтар:Интерактивті тақта, компьютерлер, ноутбуктар

 

Сайыстың өту барысы:

 

             Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «ХХІ ғасыр  көшбасшысы» атты  зияткерлик  сайысымызға  қош келдіңіздер!

 

Сайысымызды  бастамас бұрын  әділ бағасын  беретін  әділқазылар  алқасымен   таныс  болайық :

 

1.Директордың   оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары

 

2.информатика пәнінің мұғалімі:

 

 «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз. Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз!

 

Бүгінгі сайысымызга қатысушылармен  таныс болайық. 5- сынып  оқушысы Қанатұлы  Дәулет және  Тоқтауов  Бекзат .6 - сынып  оқушылары Бекмұханбетов  Әди және   Серікұлы  Әбіш.7- сынып  оқушылары  Елубаева  Нұрай және  Амангелдиева  Аружан.

 

Олай  болса  сайысымыздың  кезеңдерімен  таныс  болайық.

 

Бүгінгі біздің сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:

 

1.     «Кел,танысайық!» (оқушылар өздерін  таныстырып  өтеді)

 

2.      «Бәйге»(әр  оқушыға  10 сұрақ  қойылады)

 

3.     «Практикалық  жұмыс» (компьютермен  жұмыс)

 

4.     «Адасқан  әріптер» (экранға  көптеген  әріптер  шығады  соның  ішінен  информатикаға  жақын  көптеген  сөздер  құрап  шығу  керек)

 

5.     «Мақал –сөз мәйегі» (мақалдың түп нұсқасы)

 

6.     «Айырмашылығын  тап»( сурет  беріледі, 10 айырмашылығын  табу  керек)

 

Құрметті   оқушылар  әрбір  кезең  сайын  ұпайы  аз  оқушымен  қоштасып  отырамыз, ақырында  қалған  оқушы  жеңімпаз  атанады.Ойын  шартымен  таныс  болсақ,  сайысымызды  бастайық.Барлығыңызға  сәттілік  мұқият  болайық.

 

 

 

1 Кезең: «Кел, танысайық!»

 

Бұнда  әр  оқушы  өздерін  таныстырып  өтеді.Бұл  кезең  бағаланбайды әділқазылар.

 

 

 

2 Кезең: «Бәйге»

 

Бұнда әр  оқушыға  10 сұрақ  қойылады.   Осы  уақытқа  дейінгі  өткен  тақырыптардан.Бұнда  әділқазы  алқасы  әр  сұрақтың  дұрыс  жауабын 1 ұпайдан  белгілеп  отырасыздар.  Ұпай  аз  оқушымен  қоштасамыз.

 

 

 

               Бірінші  5  сынып  оқушысы 

 

1.   Графикалық редактор? (Paint)

 

2.     Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)

 

3.     Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)

 

4.     Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

 

5.     Компьютер миы? (жүйелік блок)

 

6.     Ақпараттың  неше  түрі  бар?(5  түрі .көру,есту,дәм  сезу,сипап  сезу,иіс  сезу)

 

7.     Дауыс жазға арналған құрылғы? (диктафон)

 

8.     Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет-корзина)

 

9.     Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)

 

10. Принтер  неше  түрі  болады?(2 түрі.Бүріккіш  және  Лазерлік)

 

Енді  екінші  оқушымыз 

 

11.  Пернетақта қандай құрылғы? (мәліметтерді енгізу құрылғысы)

 

12. Компьютер деген не? (ақпаратты өңдеу құралы)

 

13. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)

 

14. Компьютердің негізгі құралдары (монитор, жүйелік блок, пернетақта)

 

15.Ақпарат  информатика  жағдайында  неше  түрге  бөлінеді?(5 түрге сан,мәтін.графикалық,дыбыс,видео)

 

16. Дербес  компьютердің  неше  түрі  бар?(3 түрі.Үстел  үсті  компьютер,Алып  жүретін компьютер, алақан  компьютер)

 

17. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)

 

18.  Графикалық бағдарлама бұл құрылғысыз жұмыс істемейді (тышқан)

 

19. Файл  атының  ұзындығы  қанса  символға  дейін  болуы  мумкін?(255)

 

20.  Информатикадағы өлшем бірліктері (бит, байт)

 

6 сынып  оқушылары

 

1.     Баспа құрылғысы (принтер)

 

2.     Компьютер теледидары (монитор)

 

3.     Үлкен темір қорап (жүйелік блок)

 

4.      Функционалдық пернелер (F1- ден F12-дейін)

 

5.     Зиянкес бағдарлама (вирус)

 

6.     Файлдар жиыны (бума)

 

7.     Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)

 

8.     Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)

 

9.     Информатика өлшем бірлігі (бит, байт)

 

10. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)

 

6 сынып  оқушысы

 

1.    Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер  жүйе немесе интерфейс)

 

2.     Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)

 

3.     Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)

 

4.     Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)

 

5.     Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)

 

6.     Дыбыс естілетін қорап (колонка)

 

7.     Ақпаратты тасмалдаушы  құрылғылар?(флешка,дискы,адаптер,т.б)

 

8.     Компьютердің маманы (программист)

 

9.     Бүкіләлемдік желі (интернет)

 

10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)

 

7сынып  оқушысы   

 

1. Көп батырмалы құрылғы (пернетақта)

 

2.     Паскаль қандай тіл (программалау тілі)

 

3.     Компьютер сымдары (кабель)

 

4.     Алгоритм деген не (белгілі бір мақсатқа жету жолы)

 

5.     Презентациялармен жұмыс істейтін бағдарлама (Power Point)

 

6.     Корзинаның қызметі ( жойылған файлдарды жинау)

 

7.     Ең ұзын перне (пробел)

 

8.     Ақпарат енгізу құрылғысы (пернетақта)

 

9.     Информатика пәні қай сыныптан бастап оқытылады? (5 - сыныптан)

 

10.   (сканер)

 

 

 

7сынып  оқушысы

 

       Файлдарды ашқан кезде, не шығады ? (терезе,)

 

1.     Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)

 

2.     Word  қандай бағдарлама? (мәтіндік.)

 

3.     Компьютер жанындағы өсімдік? (кактус)

 

4.     Алғашқы есептеу құрылғысы. (саусақ)

 

5.     Құжатты сақтау батырмасының аты. (Сақтау - сохранить как )

 

6.     Операциялық жүйелердің түрлерін ата? (Windows 95, Win 98, Win NT, Win 2000, Win xp)

 

7.     Калькулятор неше  түрге  бөлінеді?(2  түрге қарапайым  және  инженерлі)

 

8.     Жыпылықтап тұратын тік сызықша? (меңзер)

 

9.     Файлдардың жиналған жері (қапшық)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 кезең - “практикалық  жұмыс ”

 

Бұнда  барлық  оқушылар  компьютермен  жұмыс  жасайды ,5 – сынып  оқушыларына графикалы  редакторда  сурет  салу.6- сынып  оқушыларына  мәтіндік  редакторда достық  тақырыбында мәтін  тереді .бұна  жылдамдығына  қараймыз.7 – сынып  окушыларына  құттықтау  қағаз  жасау  беріледі.Бұнда  қай оқушының  жұмысы  нашар  сол баламен  қоштасамыз. 

 

Әділқазылар  бұл  кезеңді  5  ұпаймен  бағалайсыздар. Ұпай  аз  оқушымен  қоштасамыз.

 

 Подпись: Достық
	  Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр
адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында 
берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың 
бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, 
өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ. 
	   Достар сыйластығы бір-біріне қалтқысыз сенген, риясыз 
сенім сезіміне ие болған адамдардың арасында болады. Ол 
үлкен өмір жолынан өткен, тәжірибеде жинақталған, 
қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. 
           Қазақта «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер 
айтпаған. Бала шағынан бір-бірінің мінезін, әдетін, ой-өрісін 
біліп өскен достар арасындағы сыйластықтың
 орны бөлек, ол анағұрлым берік әрі түбегейлі.

 

4 кезең- «Адасқан  әріптер»Бұл  кезеңде  оқушыларға тақтаға көптеген аріптер шығады соның ішінен оқушылар информатикаға қатысы бар сөйлем құрау керек.Кім көп сөйлем құрайды сол оқушының ұпайы жоғар болады. Әділқазылар 5 ұпаймен  бағалайды.

 

 

 

И

Н

Т

С

В

Е

П

Р

О

С

А

Е

Е

Р

Р

Й

А

В

Т

Й

Р

Н

Е

Т

Д

Е

Р

М

О

М

Р

О

Е

Р

А

Н

Р

Д

Е

Б

У

З

С

К

Е

Е

Т

Ю

Ь

П

М

О

К

Р

 

 

 

 

 

 

 



 

 

5 кезең - «Мақал –сөздің  мәйегі» 

 

Мен  қазір  өзіміздіқ  Қазақ  мақалдарын  информатика  терминдеріне  ауыстырып  мақал  жасырам, сіздер  оның  қандай  мақал  екенін   табасыздар.Бұнда  да  жылдамдық  керек  бірінші  болып  тақтайша  көтерген  адам  жауап  береді. Әділқазылар  5  ұпаймен  бағалайсыздар.Мақалды  мұқият тыңдайық . Ұпай  аз  оқушымен  қоштасамыз.

 

1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

 

2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

 

3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

 

4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

 

5.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

 

6.     Бір ядролы процессордан, екі ядролы артық (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

 

7.    Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы көпті – жау алмайды)

 

8. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)

 

9. Интернет -ақпарат бұлағы (Кітап-білім бұлағы)

 

10.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса)

 

6- кезең «Айырмашылығын  тап»

 

Бұл кезеңде  қалған  екі  оқушыға  суреттер  беріледі,  оқушылар  1  минут  ішінде 10  айырмашылығын  табу  керек  .Әділқазылар  5  ұпаймен  бағалайды .

 

           

 

Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
 

 

 

 


Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз